ИНЧХОН-2014: Қазақстан қоржынына 15-ші алтын медаль түсті

Әйелдер арасындағы жұптасып байдарка есуден Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова чемпион атады. «Күміс» жүлде Веньюн Рен мен Кин Маға бұйырса, «қола» - жапондық қыздар Асуми Охмура мен Сихо Какизакидің еншісінде.

Еске сала кетейік, осыған дейін бұл спорт түрінен Инна Клинова Қазақстанға Азиаданың он үшінші медалін әкелген еді. Ол 200 метрге байдаркада жалғыз есуден 40,638 аралықты бағындырып, Азиада чемпионы атанды. Мұнда «күмісті» қытайлық Ю Чжоу жеңіп алды. Ал «қоланы» ирандық Арезу Хакимимогаддам ұтты.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтын медалі түсті.