Қазақстандық былғары қолғап шебері, 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг) Seonhak Gymnasium аренасының шаршы алаңында қырғызстандық боксшы Тұрат Осмоновпен кездескен болатын.
Отандасымыз қарсыласын бет қаратпай 3: 0 (3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясынан.
Біржан Жақыпов ертең - 3 қазан күні ақтық сында Джонгун Шин (Южная Корея) - Марк Баррига (Филиппины) жұбының жеңімпазымен кездеседі.