Инчхоннан сүйінші хабар


Суға жүзу шеберлері тек бірінші орын алып қоймай, Азия рекордын жаңартты. Тағы бір қола жүлде солардың еншісінде. Ал арбадағы би спорты бойынша ел намысын қорғаған Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова бүгін екі рет жүлдегер атанып үлгерді. Латын биін орындау классы бойынша оларды Гонконгтың екі жұбы артта қалдырса, стандартты бағдарламамен отандық жұп күміске қол жеткізді. Екі кездесу өткізген аяқсыз волейболдан ұлттық құрамамыз болса, әлемнің сегіз дүркін чемпиондары Иран құрамасына үште нөл есебімен есе жіберіп алды. Дегенмен олар ертен қарсы топтың жеңімпазымен ойын өткізіп, финалдық ойын үшін күрес жүргізбек. Осылайша Қазақстан үш алтын, бес күміс және алты қола медальмен он екінші орынға көтерілді. Дегенмен алдыда жарыстың үш күні бар.