Индонезияда жарылған ұшақ қолма-қол ақша апара жатқан


Ақша субсидия ретінде шет жердегі провинциядағы кедейлерге берілуге тиіс болатын.
Шенеунік атап өткендей, ақша төрт қапқа салынған, оны почталық ведомствоның төрт қызметкері апара жатқан.
Лайнердің сынықтарын дүйсенбіде таңертең іздеу – құтқару операциясының ұшағы тапқан.
Лайнер бортында 54 жолаушы және экипаж мүшелері болған.