Индонезияда зілзала құрбандарының саны 102 адамға жетті


Бұл туралы жергілікті құтқарушылар мен полиция өкілдері мәлімдеді. Баспанасыз қалған халық уақытша тұрақтау орталықтарына орналастырылған. Олар – негізінен Пиди, Пидиджай мен Бирен аудандарының тұрғындары. Қазір бұл аймақта төтенше жағдай енгізілген. Ел президенті зардап шеккендерге шұғыл көмек беруді бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, 6,5 балдық зілзадан кейін жүзден астам жерасты дүмпулері тіркелген.