Индонезиядағы әуе апатында қаза тапқандардың жанұясына 90 мың доллар төленеді

шамамен 90 мың доллордан төлейді, деп хабарлады ТАСС. 

«Заңды мұрагерлерге төлемдерді төлеу жақын арадағы үш-төрт аптада басталады»,- деді әуе тасымалдаушының өкілі Бенни Сумарианто. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті заңнамамен бекітілген бұл өтемақыдан бөлек ажал құшқандардың отбасыларына сақтандыру компаниясынан $7,2 мыңнан бөлінеді.


БАҚ-та хабарланғандай, Trigana Air Service әуе компаниясының ATR жолаушылар ұшағы Джаяпура қаласының Сентани әуежайынан ұшқаннан 30 минуттай өткен соң Папуа провинциясында тауға соғылып құлаған.

Ұшақ бортында 49 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Авиалайнер бөлшектері елдің шығысындағы таулы аудандардан табылды.