Индонезиялық ұшақ апатқа ұшырады, борт ішіндегі 54 адамның барлығы қаза тапты

Бұған дейін Папуа-Жаңа Гвинея ауданында ішінде 54 адамы бар индонезиялық ұшақ  радар бетінен жоғалып кеткендігі хабарланған болатын.

 Жергілікті билік хабарлағандай,  ұшақ бортында 49 адам, сонымен бірге 5 экипаж мүшесі болған. БАҚ олардың барлығының қаза тапқанын хабарлауда. 

Бұған дейін Ұлттық іздеу-құтқару басқармасының басшысы Бамбанг Сулистио ұшақпен байланыс үзілгенін растаған.