Индустрия министрлігі қолданбалы ғылым саласын мемлекет пен жеке капитал бөле қаржыландыруға тиіс деп санайды

"Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу іс-қызметінің барлық сатыларын, соның ішінде қолданбалы ғылымды да мемлекет толық қаржыландырады",- деді Ә.Есекешев. Оның айтуынша, "қазіргі тәжірибе Қазақстанның ғылыми әлеуетін сақтап қалуға мүмкіндік берді". Бірақ ол "ғалымдарды өз зерттеу жұмыстарының нәтижесін коммерциялық сипатқа көшіруге ынталандырмады". "Өйткені олар 100 процент мемлекеттен қаржыланатындықтан мемлекеттің меншігі болып табылады". "Соның кесірінен 95 процент мемлекеттің қолдауындағы жобаларды коммерциялық сипатқа көшіру мүмкін болмай отыр",- деді министр.

Оның айтуынша, парламентке ұсынылып отырған заң жобасы арқылы "қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жаңа тетіктері мен тұрпаттарын енгізу көзделіп отыр. Бұл қадам елімізде инновациялық беленділікті ынталандырудың кешенді жүйесін құру арқылы іске асырылмақ". Ә.Есекешевтің айтуынша, заң жобасы бойынша "ғылыми ізденістер процессін" бірнеше кезеңге бөлу ұсынылып отыр. Әрбір кезеңді қаржыландырудың өзіндік түрі мен қаржы көзі болады. Тұсаукесері жасалған жаңа заң жобасына сәйкес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бюджеттен, ал тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстарын грант жүйесі арқылы тағы да мемлекет тарапынан қаржыландыру ұсынылып отыр. Ал зерттеу нәтижелерін өндірісте қолданысқа енгізуді жеке меншік сектор қаржыландыруы керек. "Егер қазіргі таңда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі мемлекеттің меншігінде болса, жаңа заң жобасы оларды ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың жеке меншігіне беру арқылы оларды қолданысқа енгізуге қосымша ынталандыру мүмкіндіктерін қарастырады",- деді вице-министр.
Ол сонымен бірге ғылыми жаңалықтардың тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстарына бөлінетін гранттардың түрлерімен мөлшерін атады. Вице-министрдің айтуынша, аталмыш сатыда мемлекет зерттеу нәтижесін "өндірістік үлгі" сипатына дейін жеткізу үшін бір жобаға 55 -250 мың долларға дейін қаржы бөле алады. Сонымен бірге инновациялық жобаның техника-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған грант көлемі 5 мың долларға дейін, ал зерттеу нәтижелеріне шетелдерде патент алуға 50-100 мың долларға дейін грант қарастырылған