"Біздің нұсқауымыз - мораторийға қайтадан кері айналып соқпай, керісінше, ахуалдың одан әрі қалай өрбитінін қадағалауға саяды ",- деді ол. Министрдің пайымдауынша, "шағын бизнесті тексеру шарттарын заңдық деңгейде шегелеу қажет".
Ә.Жақсыбековтың айтуынша, шағын және орта бизнес субьектілерін тексеруге мораторий жариялау - шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істеушілер санының артуына түрткі болды. Атап айтсақ, министрдің мәліметі бойынша, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны осы мерзімде 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 23 процентке артып, 483 мыңға жеткен. Ал осы салада еңбек етушілер саны 1,2 млн. адамды құрады.
Сонымен бірге, Ә.Жақсыбековтың айтуынша, "мораторий жариялау - кей жағдайда кері нәтижеге де алып келген". Атап айтсақ, оның мәліметі бойынша, тексерулерге мораторий жариялау - акциздік алымдар мөлшерінің азаюына және акциздік өнімдер саласында көлеңкелі айналым мөлшерінің артуына апарып соққан. "Акциздік өнімдер бойынша республикалық бюджетке құйылатын акциздік алымдар мөлшері азайды",- деді министр. "Мораторий дегеніміз уақытша қолданатын шара, ал оның мерзімін ұзарту - кәсіпкерлерді одан бетер құнықтырып жіберуі мүмкін",- деп қорытты өз сөзін Ә.Жақсыбеков.