"Тегін берілетін жер телімдерін бөлу тетіктерін жетілдіре бекіту қажет",- деді Ғ.Оразбақов.
Оның айтуынша, жеке баспана тұрғызуға ынталандыру шарасы "жеке меншік үй салуға бөлінген массивтерді электрмен, су құбыры және кәріз жүйесімен, құрылыс басталмай тұрып жолмен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жер массивтерін елдімекенді дамыту жөніндегі нақты себепсіз түзетілмейтін бекітілген жоспарға сай бөлу есебінен" жүзеге асырылады.
Сонымен бірге оның айтуынша, "Қазақстанның әрбір азаматына жер телімі берілуге тиіс, ал осы құқықты жүзеге асыру процессі қазір қанағаттандыра алмай отыр".
"Жеке баспана тұрғызуға жер телімін бөлу жұмыстары инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілмеуге байланысты бөгеліп келді",- деді министр. "Соның салдарынан 536 мың өтініштен небәрі 169 мыңы, немесе, 32 проценті ғана қанағаттандырылды",- деді ол.
Ғ.Оразбақовтың айтуынша, 2008-2010-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес "инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі анағұрлым ұлғайтылады".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті