Индустрия және сауда министрлігі электр энергиясымен қамтамасыз ету нарығында делдалдық қызметке берілген лицензияларды қайта тексеруден өткізуді ұсынып отыр

"Біздің ойымызша, жалпы алғанда, энергияны ақырғы тұтынушыларға жеткізумен айналысатын ұйымдарды нарықта қалдыру мақсатында электр энергиясымен жабдықтау нарығында делдалдық қызметті іске асыруға берілген лицензияларды қайта тексеруден өткізу және оларды беру тәртібін қатайту қажет", - деді Ғалым Оразбақов. Ол қазіргі таңда мұндай лицензиялардың саны 500-ден асатынын атап өтті. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ол лицензиялардың көпшілігі нағыз тұтынушыларды қамтамасыз ететін мекемелер емес, керісінше арада делдалдық жасайтын коммерциялық құрылымдар иеленіп отыр.

Оразбақов бұл нарықта бәсекелік орта қалыптастыру үшін электр қуатын жинақтайтын, тасымалдайтын дәне онымен қамтамасыз ететін ұйымдардың арасындағы аффилиирлік байланысты жойып, бірлескен мекемелерге олардың қызметін пайдаланатын өзге компанияларға тікелей немесе жанама түрде басшылық ету, иеленуге тыйым салып, электр энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдарды трейдерлермен сату-сатып алу келісім шартын жасасу мүмкіндігін шектеу қажет деп санайды. "Индустрия және сауда министрлігінің құрамына кіретін Бәсекелестікті қорғау комитеті тексеріп жатқан маңызды істердің бірі электр энергиясы нарығында антимонополиялық заңның бұзылуын анықтау болып табылады", - деді Ғалым Оразбақов.

"Антимонополиялық орган Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясы нарығы субъектлерінің екі бағытта да аффилиирлік байланысын анықтады. Олардың келісіп жасалған іс-қимыл әрекеттері батыс аймақтан басқа бүкіл республика аумағында дерлік электр энергетикасына деген бағаның өсуіне тікелей әсер етті", - деді министр. Ғалым Оразбақов "AES компаниясының бірлескен стратегиясын іске асыра отырып, бес электр станциясы (оның ішінде үшеуі ұлттық маңызға ие) тікелей келісім бойынша тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу көлемін төмендеткен және энергияның негізгі көлемін олармен аффилиирлік байланыстағы тұлға, осы компанияның өз трейдері "Нұрэнергосервис" ЖШС арқылы сатып отырған.

"Мысалы, "AES Шүлбі СЭС" ЖШС трейдерге энергияны әрбір киловаты үшін 0,9 теңгеге сатқан. Өз кезегінде ол оны басқа трейдерге 2,12 теңгеге өткізген. Кейін ол сатып алушы да бұл энергияны "Алматы Энергосбытқа" 2,32 теңгемен сатқан. Нәтижесінде бұл келісімде трейдерлік үстеме ақы 1,42 теңгені немесе оның көтерме бағасының үштен екісін құрады", - деп түсіндірді министр. "Электр энергиясының ашық, бәсекелес, көтерме нарығы, оның ішінде электр энергиясымен қамтамасыз ету нарығында делдалдық қызметті іске асыратын субъектлерге берілетін лицензиялар санын азайту шаралары болған жағдайда мұндай оқиға орын алмас еді", - деді индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті