Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанда эндаументтер институтын енгізуді ұсынады

"Меценаттық пен демеушілік жасаудың өркениетті жағдайларын дамыту шаралары ретінде бізді эндоументтер деп аталатын арнаулы коммерциялық емес ұйымдар - инвестициялық қорларды құру жөніндегі халықаралық тәжірибе қызықтырды. Олардың пайдасына салық салынбайды және тек қайырымдылық мақсатта ғана пайдаланылады", - деді Ғ. Оразбақов.

"Қазақстандағы бірінші эндаументтерді біз ӘКК жанынан құруды ұсынып отырмыз, бірақ, біздің пікірімізше, ӘКК осы тектес жобаларды жүзеге асыруда көшбасшыға айнала алады және солай болуға тиіс те", - деді ол.

"Даму институттары қазір толық қуатында жұмысқа кіріседі және бізде осы қорларға аударатын қаржы мен ресурстар табылады деп және ондай жобаларды өңірлерде жүзеге асыруға болады деп сенеміз", - деді министр.

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің таратқан баспасөз баянындағы түсініктемеге сәйкес, эндаументтің қарапайым қайырымдылық ұйымынан ерекшелігі іс-қызметінің қатаң мақсаттылығы мен инвестиция салу есебінен пайда табуды көздейтіндігінде. "Эндаумент ереже бойынша қандайбір бір ұйымды, мысалы, белгілі бір университетті қолдау үшін құрылады", -деп нақтыланған құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті