"Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы өсуіне әсер етіп отырған субьективті факторлардың бірі - тасымалдау және кеден процедураларына байланысты",- деді Қ.Бишимбаев.
Оның айтуынша, Әлемдік банк жүргізген зерттеулерге сәйкес, "Бішкек- Алматы- Петропавловск бағыты бойынша жолға шыққан 112 жүк көлігін 665 мәрте тоқтатқан. Соның ішінде көлік инспекциясы 149, жол полициясы 256, кеден комитеті 144 мәрте тоқтатқан".
"Ал жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы өсуіне әсер етіп отырған ең басты фактор - жолдардағы алымға байланысты. Ресми мемлекеттік алымдар шамамен 253 АҚШ долларына тең, ал әрбір машинадан бейресми түрде алынатын алымдар шашамен 2 мың долларға тең",- деді вице-министр.
"Бұл проблеманы шешудің бір жолы барлық қызметтер тарапынан инспекциялық тексеру процедураларын көлік елге кіре берісте кешенді түрде толық өткізіп, ел ішінде тексеруге тыйым салуға саяды", деді ол.
Сонымен бірге индустрия және сауда министрлігі үкімет құрып жатқан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құрылымында транспорттық көтерме сауда компанияларын құрулы ұсынады. Бишимбаевтың айтуынша, елімізде қазір жеміс-көкөніс өнімдерін саудалау жүйесі "өнім өндіруші- алыпсатар- көтерме сауда - бөлшек сауда- тұтынушы" деген схема бойынша қалыптасқан. Мұндай схема ахуалында ауылшаруашылығы тауар өндірушісінің нақты кірісі шашамен 10 процентке ғана жетеді, ал кріістің басым бөлігі алыпсатардың қалтасында қалады.
"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың міндеті жеміс-көкөніс өнімдерін нақты өндірушілерді тұтынушыларға жақындатуға саяды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ірі көлемде сатып алу және тауарды тез айналымға салу арқылы, ең төменгі маржа белгілесе де осы көлемде пайда таба алады",- деді Қ.Бишимбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті