Инфляция деңгейі 2010 жылға дейін 8%-тен аспайды (толықтырылған нұсқа)



Оның айтуынша, инфляция деңгейі 2007 жылы 5 - 7%, ал 2008 - 2010 жылдарда - 6 - 8% аралығында болмақ.

Б. Сұлтановтың айтуынша, бұл көрсеткіштер "абайлықты арқау еткен" базалық болжамға негізделген.

Бұл болжамға сәйкес Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9,1% деңгейінде, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы бір баррелі үшін 60 доллар деңгейінде болмақ.

"Бұл сценарий ел экономикасының дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын жасауда негіз етіп алынған. Базалық сценарий бойынша ел экономикасының экспортқа шығарылатын негізгі өнім түрлерінің бірқалыпты бағасына негізделген абайлықпен даму ағымы белең алмақ",- деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, аталған болжамға сәйкес, "Қазақстан экономикасының тұрақты өсу ағымы сақталып, экономиканың барлық салаларында оң серпін байқалатын болады".