Ұлттық банк төрағасының айтуынша, "әлеуметтік мақсаттарға, соның ішінде зейнетақы мөлшерін үкімет ұсынған көлемде ұлғайтуға жұмсалатын шығындардың артуы 2003-жылға болжанған инфляция деңгейін сақтап қалуға мүмкіндік береді". Марченконың мәліметіне сүйенсек, жалпы алғанда 2003-жылы инфляцияның орташа деңгейі 6% шамасында болады, ал жыл соңында ол 5-5,5 проценттен артпайды. Осы орайда Ұлттық банк төрағасы 2002-жылдың соңында инфляция деңгейі 6,6%, ал 2001-жылы бұл көрсеткіш 6,4% болғанын алға тартты.
"Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында инфляция деңгейі 2,1% болса, мамырда инфляцияның ең төменгі деңгейі 0,1 процент шамасында болады",-деп хабарлады Григорий Марченко. Осы орайда ол кейбір тауар түрлерінің, әсіресе жемістер мен көкөністер бағасының қымбаттауы инфляция деңгейіне нұқсан келтіру мүмкіндігін жасырған жоқ. Бас банкирдің айтуынша, соңғы 12 айдың аясында жемістер мен көкөністер бағасының қымбаттау деңгейі 44 процентті құраған.
Бүгінде Ұлттық банктің қаржыландыру бағамы 7,5 процентті құрайды.