Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бір аптада Солтүстік Қазақстан облысында ауруды жұқтыру өсімі - 78,38 пайыз.
Сондай-ақ, коронавирус жұқтырғандар саны Ақмола (56,92), Шығыс Қазақстан (50,76), Павлодар (34,38), Қостанай облыстарында (32,73) айтарлықтай өсіпті.
21 маусым күні Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың 1062 дерегі тіркелді. Оның 446-сы симптоммен, 616 науқас симптомсыз.
Індет белгілері анық байқалған науқастардың басым бөлігі Алматыда - 66, Нұр-Сұлтанда - 53, Қарағанды облысында - 61 науқас тіркелген.
Шымкентте де ауру белгілері жоқ науқастардың саны айтарлықтай өскен (91 науқас).
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтығандар саны 17 225-ке жетті. 8845 науқас симптомсыз. 10 671 науқас дертінен айықты. 118 адам аурудан көз жұмды.
Сондай-ақ, Алматыдағы республикалық қан орталығы COVID-19 айыққан адамдарды иммунды плазманың доноры болуға шақырады.
400-600 миллилитр мөлшерінде қан тапсыру орта есеппен 30-40 минутты алады.
Донор болғысы келетіндер мына телефондарға хабарласа алады:
+7 (727) 382-61-43
+7 (727) 246-09-23 (08.00-ден 16.00-ге дейін)
+7 (777) 253-36-56
+7 (707) 928-70-19 (тәулік бойы)