Қарулы шабуыл кеше таңертең болған. Республика алаңына таяу тұста орналасқан Travel Express компаниясының қызметкерлеріне оқ атылып, бірі мерт болса, екіншісі қазір ауруханада жатыр. Әуе және темір жол билеттерін сатумен айналысатын мекеме қаржы тасымалы үшін кәсіби инкассаторларды емес, ішкі қауіпсіздік қызметкерлерін пайдаланғанын айта кетейік. Ақша толы қапты солардың қолынан оңай алып кетеміз деп ойласа керек, қарақшылар көшедегі қаптаған адамға, төбедегі ілінген бақылау камераларына қарамай тапа-тал түсте тап берді. Бірақ қаскөйлерді құрықтауға қаланың барлық полиция құрамы жұмылдырылғанымен, әзірге нәтиже берер емес.