Instagram алғаш рет дизайнын өзгертті

«Сіздер Instagram-ның жаңартылған таңбасы мен дизайнын көресіздер. Қосымшаның жаңа таңбасы жеңілдетілген камераны, ал кемпірқосақ градиентті фонға айналған», - делінген сервис хабарламасында.

Сервис мұндай өзгерістерді қарапайым дизайн арқылы Instagram тұтынушылары фото мен видеоға көбірек зейін қоя алатындығымен түсіндірді.