Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қажылық сапарында жүрген Тұрсынбаева оқырмандарына ізгі тілектер жазды.
"Адамның өмірін өзгертетін өзінің жақсы амалы... Аллаға да, адамға да жағатын амал! Күн сайын бір сауапты іс жасаған адам Аллаға бір табан
жақындай береді. Қаншалықты Аллаға жақынсыз, соншалықты проблемалар сізден алыс болмақ...
Күн сайын біреумен ұрысып, ренжісіп, ғайбаттап, бірінің етін бірі жеп жатқан адамдар қайда жақындап барады? Оны мен айтпай ақ біліп отырсыз... Тоқтаңыз! Жан жағыңызға қараңыз! Адамның бәрі қателеседі! Күнә жасамайтын адам жоқ! Бірақ сол күнәні арқалап жүрсіз бе, жоқ
тазаландыңыз ба? Қалай тазаланамыз? Тәубе жасаймыз! Алла мейірімді! Алла кешірімді! Алла кешірем деп тұрғанда қырық жылғы қателігіміз
үшін жылап жүргеніміз өзімізді азаптау ғой...
Кеше кімді қуанттыңыз? Кімге жақсылық жасадыңыз? Жоқ, біреудің жер жебіріне жетіп пікір жазып, "шындықты" айттым деп мәз болып отырсыз ба? Инстаграм толған ашу, ыза, ғайбат, мұң, зар... Сіздің жазған пікірді оқыған адам мұңайып қалса өзіңізге 100 есе қасірет болып келеді... Өнер адамдарының тағдырын талқандап жататын сайттар бар.. Өз баласы туралы жаман пікір оқыған ата-ананың қарғысы айдалаға кетіп қалмайды! Жазған адамға қайтады! Сақ болайық! Адамның тағымен талассаң да бағымен таласа алмайсың!
Бақ-Алладан! Алланың берген ризығын қызғанғанша өзімізге де берекелі байлық тілейік...Ана дүниеге ешкім ештеңе арқалап кетпейді! Бәрі қалады! Бес күн жалған дүниенің итше ырылдасып қызығын кетіріп жүрген қаншама адам бар! Біреудің жүрегін жаралайтын "шындық" кімге керек?! Қолымыздан келгенше айналамызға қуаныш силайық, жақсылық жасайық... Сонда Алла бізді мың есе қуантпақ!", деп жазды айтыскер ақын.