“Инсульт пен ифаркт алу қаупі артады”: Ахметбек Нұрсила оразада ашығудың зияны туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзіне сенсек, адам ашыққан кезде қаны қоюланып, оның салдары өліммен аяқталуы әбден мүмкін.

"Жаздың күні ораза кезде адамдар шыбынша қырылады. Ауруына ауру жамайды. Неге десеңіз, жазда күн өте ұзақ әрі ыстық. Қаның қоюланады, одан кейін холестерин жиналады. Содан инсульт, инфаркт алу қаупі 100 есе артады. Өйткені, қанның 90% су. Сен су ішпегеннен кейін сөйлеген кезде аузыңнан дем шығады, терлеген кезде сонымен бірге кетеді. Қаның одан сайын қоюланады. Әрине, денсаулығы, болмысы мықты адам шыдап кетеді. Ал денсаулығы әлсіз адамда инсульт немесе инфаркт болады. Сондықтан ашыққан кезде сусыз емес, су ішіп ашығу керек. Имамға былай айтыңыз: Екі жолы бар. Мен ораза ұстағым келеді бірақ су ішіп ашығайын. Болмаса толық ашығайын, ауырсам, ауырайын. Қалай жауап береді көріңіз. Ауырмасаң, арам қат. Бәрібір ашық десе, ары жүр деңіз. Ал су ішіп ашық десе ашығыңыз. Су ішу керек, онсыз өмір жоқ", - дейді ол.

Бірер күнде 200 мыңнан астам қаралым жинаған бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Олардың басым көпшілігі Ахметбек Нұрсиланың бұл ойымен келіспейтінін жазуда.

"Бұрын бизнесті үйрететін едіңіз, енді медицинаға көштіңіз ба? Оттай бермеңіз", "Шілденің ыстығында да ұстадық, қырылған ешкім жоқ", "Өмір бойы ыстық болатын араб елдерінде ешкім қырылмайды ғой. Өтірікті қалай айтасыңдар", "Бояушы бояушы деген сайын сақалын бояптыға келіп тұрсың", - деп жазды олар.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Еліміздің барлық қаласындағы ауызашар мен намаз кестесін мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.