Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталық дәрігерлеріне бұл жолы қол ұшын созуға Бельгиядан кардиохрирург шақыртылған екен. Мамандар науқастың сан артериясы арқылы сол жақ жүрекшенің құлақшасына тығын қойды. Жүректің жұмысы бұзылғанда құлақшада ұйыған қан көп жиналып, науқастың өліміне әкеп соғатыны аян. Жаңа отаның мақсаты, қан көп ұйып қалатын құлақшаға тығын қою арқылы қан айналымын жақсарту. Жалпы Қазақстан жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруы салдарынан болатын өлім көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Жылына осы дерттен 128 мың отандасымыздың өмірі қиылады. Ал, 15 мыңнан астам науқас операция жасатуға мұқтаж.
Адель Аминиан, кардиохирург :
–Бельгияда 3 жылдан бері қан тамырлары ауруларын емдеудің осы әдісін қолданып келемін. Оның дәстүрлі медицинадан артықшылығы халықаралық зерттеулерде анықталды. Жүрек құлақшасына тығын қою арқылы қан ұюын тоқтатқанда, жүректің жұмысы қалыпқа келеді. Ал, құлақшада көп мөлдерде қан ұйыса, қанайным нашарлап, мүгедектікке немесе адам өліміне әкеп соғады.