«Біз Intel корпорациясының бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Энди Гроувтың дүниеден өтуіне байланысты қатты қайғырудамыз. Ол мамандардың, кәсіпкерлердің және бизнесмендердің тұтас ұрпағын жігерлендіре отырып, қолдан келгеннің барлығын жасады», - делінген мәлімдемеде.
Гроув 1936 жылы Будапештте туған. 20 жылдан кейін АҚШ-қа эммиграцияға кетті, онда жоғары білім алып, 1968 жылы басқа да мамандармен бірге Intel корпорациясының негізін қалады.
Intel - эленктронды құрылғылар және чипсеттер мен микросхемалардан процессорларға дейін компьютер бөлшектерін жасайтын технологиялық компания.