Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ю.Кагановқа 2002-жылдың 17-қыркүйегінде өз үйіне кіре берісте шабуыл жасалған болатын. Кәсіпкер Макаров тапаншасынан атылған оқтан басынан жараланып, бірнеше сағаттан кейін ҚР Қорғаныс министрлігінің госпиталінде қаза тапқан.
Полицияның ақпаратына сәйкес, бұл қылмысқа күдікті деп саналған 6 адам тергеу барысында ұсталған болатын. Олардың арасында тапсырысты тікелей жүзеге асырушы , 21 жастағы Беларусь азаматы Сергей Кетрис пен оның екі Алматылық сыбайласы - кісі өлтіруге тапсырыс беруші мен қылмыстық ұйымдасқан топтың мүшесі болып табылатын делдал бар. Олардың аты-жөні нақтыланбай отыр.
Сондай-ақ, бұл іске кісі өлтіргішке қару берген полиция подполковнигі, ҚР ІІМ-нің аға оперативті қызметкері күдікті ретінде тартылып отыр.