Интернет тарифтерінің бағасын реттемейміз - Мусин


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Байланыс операторларының тарифтерін ұстайық, оларды көтермейік дейтін болсақ, 10 жылдан кейін не істейміз? 10 жылдан кейін біздің инфрақұрылымымыз әлсіреп, ештеңеге сай болмай қалады. Біз халықаралық деңгейлерді қарастырып, бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ал тарифтердің бағасын өсіру тарифтердің өзіне тиесілі. Өйткені біздің министрлік тарифтерді реттеу механизмін қолданбайды. Себебі, ресми түрде біздің министрлік заңды түрде ондай реттеу механизмі және оны реттеу функциясы жүктелмеген", - деді Бағдат Мусин.