Бұл туралы сәрсенбі күні еліміздің Бас прокуратурасы хабарлады.
«Бүгін, 5-қарашада 2005 жылы Алматыда Ә.Әбдібаев деген азаматты өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген Михаэли Имин Рафикович Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл ГФР мен Қазақстан республикасы арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастық тарихында тұңғыш рет болып отырған жағдай», - делінген хабарламада.
Баспасөз мәлімдемесіне қарағанда, И.Михаэли Германия аумағында 2014 жылдың қаңтарында қолға түскен. Содан соң Бас прокуратура ГФР Әділет министрлігіне қылмыскерді беру туралы өтініш жолдаған болатын.
И.Михаэли Франкфурт-на-Майнеден Астанаға жеткізіліп, тергеу изоляторына тоғытылды.