Интерпол желісі бойынша Қазақстанның 82 азаматы халықаралық іздеуде жүр

Оның мәліметі бойынша, 63 адам ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, 19 адам тұтқындау және экстрадициялау үшін іздестіріліп жатыр. "Бұл 82 адамның сыртында тағы 7 Қазақстан азаматы Интерполда "сары бюллетень" деп аталатын тізім бойынша хабар-ошарсыз кеткендер санатында",- деді Ә.Тоқсанбаев.

Журналистер сауалына жауап берген бюро жетекшісінің хабарлауынша, Интерпол бұрынғы ҚР үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдин мен міндетті медициналық сақтандыру қорының бұрынғы жетекшісі Талапкер Иманбаевтың тұратын жерін анықтаған. Алайда, Ә.Тоқсанбаевтың айтуынша, "экстрадициялау процессі тым ұзаққа созылуда". Тіпті "олар тұратын елдер мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді бір-біріне қайтарып беру туралы келісімге қол қойылмаған".