"Интим құны сағатына 70 мың теңге": Қонақ үйден секіріп кеткен қыз телеарнаға төсекпен келіп, шындықты жайып салды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фарида есімді 17 жасар қыздың құрбысы Бибінұр сутенер болған. Ол қыз да солай теріс жолға түскенін мойындаған. 

Оқиға болған күні Фарида жыныстық қызмет көрсету үшін қонақ үйге келген. Сағатына 70 мың теңге деп қрбысы келіскен. Және ақша құрбысының шотына аударылыпты. Клинет одан кейін  тағы 150 мың теңге аударған көрінеді. Дегенмен соңында арада жанжал туып. Интимдік қызмет көрсеткен Фаридаға сағатына 70 мың теңге берген жігіт ақшасын қайтарып беруін сұраған. Ақша жоқ, берілмейді деген Фаридаға жігіт 3 таныс әйелді ортаға салған. Ол әйелдер Фариданы соққыға жығып, 13 градус суық балконда сырт киімсіз қалдырған. Соңында белгісіз жағдайда 6-шы қабатан құлаған  Болған жайт ақпан айының 23-ші жұлдызында тіркелген.  

Фариданың шашы үш жерінен жұлынған. Сол жақ аяғы сынған. Аяғынынң төмен жағына темір салған. Төсекке таңылып жатқан Фариданың жағдайы не болмақ? 


Фарида жүріп-тұрмақ түгілі, 1 минут та отыра алмайды. Төсекке таңылған Фарида бағдараламада отыра алмайтындықтан, жатқан төсегімен келіп, болған жайтты айтуға келген. 

- 2005 жылғымын. Анама ұқсағанмын. Анам айтыс болғаннан кейін сабақ оқуды қойдым. Оқуға түсуді де қаламадым. Балалық болды деп есептеймін. Ешқашан бұлай қайталамаймын, деп жылады Фарида. 

Фариданың әпкесі:

- Бұл қыз менің анамның аманаты. Мен оған ренжіген емеспін, деп ағыл-тегіл жылады. 

Бойы 1.70 см. Өте сұлу қыз модель болуды армандаған. Әзірге жүруден қалған қыз кінәлілерді жазалауды талап етеді.