Инвестициялық жобалар: Жаңадан 188 мың жұмыс орны құрылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, ақпараттық қауіпсіздікке сенімділігін растап, 2024 жылғы 17 желтоқсанда пайдалануға енгізілді. Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада 1160-тан астам инвестициялық жоба жүктелген. Олардың жалпы сомасы шамамен 49 трлн теңге. Осы жобалар аясында шамамен 188 мың жұмыс орнын құру жоспарланған, - деді ол. 

Спикер бұл жобалар «жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулын» қалыптастыратынын атап өтті. 

Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулы аясында жыл соңына дейін құны 5,5 трлн теңге болатын 379 жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінде Платформаға келесі қатысушылар қол жеткізе алады: жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік ұйымдар, Үкімет аппараты, Бас прокуратура, «Атамекен» ҰКП. Бұл мониторингінің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік органдар қызметі кешігуінің алдын алуға бағытталған, - дейді Арман Ақсубаев.