"Бүгін Әсет Исекешев инвестициялар және даму министрлігінің ұжымына комитеттердің жаңа төрағаларын таныстырды", деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы бейсенбіде Facebook-гі парақшасына.
Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев болды; көлік жолдары комитетіне– Мереке Пішембаев; байланыс,ақпараттандыру және ақпарат – Сәкен Сәрсенов; индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік – Аманияз Ержанов; геология және жер қойнауын пайдалану– Базарбай Нұрабаев; техникалық реттеу және метрология – Біржан Канешев; көлік – Әсет Асавбаев.
Азаматтық авиация комитетіне Бекен Сейдахметов, инвестициялар жөніндегі комитетке – Ерлан Хаиров жетекшілік етпек.