"Бүгін "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ құрамына кіретін "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесінің отырысында "30 корпоративтік көшбасшы" Бағдарламасының тізіміне енгізілген екі жаңа инвестициялық жобаға қатысу мақұлданды. Бұл - "Қазақстандағы поликристалл кремниін өндіретін зауыт салу" және "Астанада премиум-класстың жеңіл дөңгелектерін шығаратын зауыт салу" жобалары", - деп көрсетілген хабарламада.