"Мемлекеттік комиссия қайта қаржыландыруға жататын инвестициялық жобалардың тізімін жасады. Аталмыш жобаларды қаржыландыруды бастау жөніндегі соңғы шешімді Мемлекеттік комиссия бір апта ішінде қабылдайды деп күтілуде", - деп көрсетілген сәрсенбі күні ҚР премьер-министрі К. Мәсімовтың төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысының қорытындысы бойынша таратылған үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Атап айтқанда, үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Қазақстанның даму банкі" АҚ Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматыда 12 инвестициялық инфрақұрылым жобаларын қайта қаржыландырады. Қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 250 млн АҚШ долларын құрамақ.