«бір терезе» қағидасы бойынша Investors Servis Centre сервистік орталығы ашылды.
«Investor Service Centre мемлекеттік қызмет көрсетуін алу үшін инвесторларға қолдау жасауға құрылды. Инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету тетігі «Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 70 қаулысымен анықталды.
Investor Service Centre-де шетел инвесторларына қолайлы болу үшін «бір терезе» қағидасы бойынша автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы және жедел алу үшін көмек көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) өкілі орналастырылды», - делінген аталған ведомствоның мәліметінде.
Сонымен қатар, Инвестиция комитетінде инвесторларды қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес беру мүмкіндігімен call-center жұмыс істейді.