Инженер кадрларды дайындау жөніндегі Қазақстан-Беларусь бірлескен оқу орталығы жұмыс істей бастайды - Н.Назарбаев

«Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде инженер кадрларды дайныдау, қайта дайындау қазақстандық-беларусьтық оқу-өндірістік орталығы ашылады», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған орталық екі елдің білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығының жарқын көрінісі болып табылады.