Иордания АҚШ-қа өз аумағы арқылы Сириямен соғысуға рұқсат етпейді

Иордания АҚШ-қа өз аумағы арқылы Сирияны соққылауға рұқсат еткен жоқ. Бұл туралы жексенбі күні кешқұрым осы елдің үкімет басшысы Абдалла Энсурға сілтеме жасай отырып «Россия-1» телеарнасы хабарлады.


           «Жаңа ғана Иордания корольдігі премьері ел аумағын Сирияға шабуыл жасайтын алаң ретінде пайдалануға жол бермейтінін мәлім етті. Сонымен қатар, Иордания АҚШ армиясына әуе кеңістігін де бермейді», - деп хабарлайды телеарна.