Иордания ханзадасы ФИФА басшысының қызметіне кандидат болды

Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы вице-президентінің қызметін атқарған ханзада өтінім беру үшін оған ФИФА-ның 209 мүшесінің бесеуінің қолдауы қажет болғанын хабарлады. Ол өзін қолдаған топтағы адамдардың есімдерін атаудан бас тартты.

ФИФА жемқорлық жанжалынан әлі көз ашпай отыр. Өткен аптада ФИФА-ның этика комитеті ұйым президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платиниді 90 күнге қызметтен шектетті.

ФИФА-ның жаңа президентін сайлау 2016 жылдың 26 ақпанына белгіленді.