Иордания королі «Ислам мемлекеті» содырларымен аяусыз соғысатынын мәлімдеді


Бұған дейін қауіпсіздік қызметі және әскери басшылықтың кеңесінде король соғыс «Ислам мемлекеті» жаулап алған шекараларда болатынын ескерткен. 

«Лейтенант Моаз әл-Касасбидің қаны босқа төгілген жоқ», деген болатын король. 

Сәрсенбі күні таңда иордания билігі өртенген ұшқыштың кегін қайтару үшін тұтқындағы екі содырды өлтірді.