Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Иордания королі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға шақыруын үлкен ризашылықпен қабыл алды. Шақыруды Египет Араб Республикасы мен Иордания Хашимиттер корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Бағдат Әмірееев Жоғары мәртебелі билеушімен кездесу кезінде табыс етті.
Иордания королі өз елінің Қазастанмен жан-жақты етене жақын байланыс орнатуға дайын екенін атап өтті. Иордания билеушісі Астанаға сапарында Қазақстан президентімен келіссөздердің қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға мүмкіндік туады дегенге сенім білдірді.
Қазақстан елшісі кездесу барысында Иордания короліне республика аясындағы ішкі саяси ахуал, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жетістіктер, Қазақстан президентінің "Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңалау жолында" атты халыққа арнаған жолдауының басым қағидалары туралы мағлұмат берді.
ҚР СІМ Иордания королінің дәл қашан Қазақстанға келетінін нақтыламай отыр.