"Бұл корольдің елімізге жасайтын екінші ресми сапары. Ол алғаш рет елімізге 2005 жылдың қараша айында келген. 2006 жылдың қарашасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иорданияға сапары өтті", - деді дипломат.
Е. Ашықбаевтың айтуынша, сапар барысында түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастыққа және басқа да өзекті халықаралық тауқыметтерге қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралады. "Кейінгі жылдарда Иордания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас үлкен қарқынмен дамып келеді, екі ел арасында сенімді саяси диалог орнады, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар нығая түсуде", - деді ол.
2007 жылы Қазақстан мен Иордания өзара елшіліктер ашты, бұл, елшінің пікірінше, екі жақты ынтымақтастықтың әлеуетін мейлінше арттыра түсуге мүмкіндік береді. Корольдік Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің толық құқылы мүшесі болуға ниет білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті