Иордания королінің елімізге сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойылады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иорданияның билеушісі елімізге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен келмекші.

8-қараша, сейсенбіде Н.Назарбаев Алматыдағы сарайында Иордания королімен келіссөздер жүргізіп, кездесу қорытындысы бойынша екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Сәрсенбі күні Абдулла ІІ бен аль-Хусейн жеке бағдарлама бойынша сапарын жалғастырады. Билеушінің сапары 11-қарашада аяқталады.