Салтанатты шараға екі елдің ресми өкілдері қатысты. Бұл бекет 3 жыл бұрын «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауына өтіп, Иордания оны жауып тастаған, - деп хабарлайды 24.kz
Ал аймақты азат етуге үкімет әскері Мосулдағы лаңкестерді тас-талқан еткеннен кейін ғана қол жетті. Қазір Ирак үкіметі Бағдадқа қарай баратын жолдың қауіпсіздігін күшейткенін айтады.
Мохаммед әл-Халбуси, Анбар провинциясының губернаторы: – Бұл шара аймақта бейбітшілік орнағанын көрсетеді. Лаңкестер біздің провинцияға кіргенде бекет жабылып қалған еді. Енді Иорданиямен бірге оны қайта ашып отырмыз.
Халеб Зуби, Иордания Сыртқы істер министрі: – Шекарадағы бекеттің ашылуы екі елдің лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастығын білдіреді. Өңірде бейбіт өмірдің қайта орнауын қалаймыз.