Иордания мен Қазақстан екі жақты құжаттарға қол қойды



Атап айтсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалла арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев пен Иорданияның мәдениет министрі Амин Махмуд мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Сонымен бірге Астана әкімі Өмірзақ Шүкеев пен Амман қаласының мэрі Ниад аль- Хадид екі қаланың бауырластық байланысы туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті