Айталық, Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 0,10 процентке қымбаттап, әр барреліне 28,83 долларға дейін көтерілді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны 0,13 процентке арзандап, әрбір баррельге шаққанда 31 доллар 05 центке дейін төмендеді.