IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,27 процентке арзандаса, NYMEX шикізат биржасында 0,52 процентке қымбаттады

Айталық, Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы 0,27 процентке арзандап, әр барреліне 25,58 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны 0,52 процентке қымбаттап, әрбір баррельге шаққанда 27 доллар 17 центке дейін көтерілді.