IPE және NYMEX шикізат биржасының екеуінде де таяудағы мұнай фьючерсінің құны арзандады

Айталық, Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы әр барреліне 26,25 долларға дейін арзандады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 30 доллар 18 центке дейін арзандады.