iPhone 6 рекордты көлемде сатылды

iPhone 6 және iPhone 6 Plus телефоны сатылымының алғашқы үш күнінде 10 миллионнан астам смартфон өткізілді.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, жаңа модельдер жұма күні әлемнің 10 елінде жаппай сатылымға түсті.

Өткен жылы Apple алғашқы сатылымның бірінші  демалысында 11 елде  (Қытайды қосқанда) iPhone 5S және 5C смартфондарының 9 миллион данасын өткізген болатын.

Биыл жаңа iPhone сатылымы Қытайда әлі басталған жоқ.