Американың Apple компаниясынан шыққан жаңа гаджетті пайдаланушылар смартфонның тағы бір жағымсыз ерекшелігін тапты. Пайдаланушылардың сөзіне қарағанда, адамның басы мен сақалында өсетін шаш пен түк үнемі конструкция элементтерінің арасында тұрып қалады.
9to5Mac хабарлағандай, iPhone 6 шашты жұлып, смартфон иелерінің өздерін жағымсыз сезінетіндіктері жайлы блогтарда қазан айының бас кезінде айтылып жүрді. Аппарат иелерінің сөзіне қарағанда, бұл проблемаға дисплей шынысы мен оның металл жиегінің арасында орналасқан шағын саңылаулар себеп болған.
«Менің шаштарым сөйлесу кезінде шыны мен корпус арасындағы саңылауға түсе береді. Ал тұтқаны құлағымнан алған кезде, ауырып кетеді», - деп шағым айтқан пайдаланушылардың бірі.