"Біз iPhone дамытудағы елеулі ілгерлеушілік туралы жария етуге қуаныштымыз", деді Купертинода рәсім кезінде Apple бас директоры Тим Кук.
Жаңа iPhone 19-қыркүйекте"бірінші толқындағы" 9 елде сатыла бастайды, яғни АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Австралия, Гонконг, Сингапур және Жапонияда.
Екі жылдық келісімшарты көзделген iPhone 6 құны 199 доллар, бұл 16 ГБ еске сақтау қабілеттілігі бар модельдің бағасы. 299 доллар - 64 ГБ үшін, 399 -128 ГБ үшін. iPhone 6 plus бағасы сәйкесінше 299,399 және 499 доллар болмақ.
Алдында ойластырылғандай, жаңа смартфондарға электронды әмиян мен адам денсаулығын бақылаушы функциялар енгізілген.