Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 1 шілдеден бастап өзгереді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Реттеуші органдар қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін жаңартты. 1 шілдеден бастап ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қатысты қаулы жариялады. Құжат 16 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда көптеген несие бойынша мөлшерлемелер 1 шілдеден бастап жаңартылады.

Кредиттердің басым бөлігі бойынша ЖТСМ бұрынғы деңгейде қалады. Тек бір өзгеріс бар:

Осылайша, ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін азаяды.

Ал микрокредиттер бойынша 16 мамырдан бастап мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады:

Бұл ретте қарыз сомасы 45 АЕК-тен аспауға тиіс.