Мамыр айында демалыс күндері көп болатындықтан, Отбасы банкі өтінім қабылдауды бес күн бұрын бастау туралы шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қаржылық сауат-қа сілтеме жасап.
Енді мына жағдайларға мән беріңіз:
1. Отбасы банкінде депозит болу керек, жоқ болса – ашыңыз. Себебі, бұл бағдарламаның ерекшелігі сол – депозит мерзімі ескерілмейді, яғни, маңызды емес.
2. Жинақ шотыңызда кемінде 1 млн теңге жатуы керек. Бұл соманы өтініш берер алдында да шотқа аудара салуға болады.
3. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде үй болмауы керек.
Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда атында үйдің бар-жоғы тек өз басына тексеріледі. Бағдарламаға қатысушының ата-анасынан ол ақпарат тексерілмейді.
4. Соңғы 6 айда ресми табысың болуы керек.
25 сәуірде өтінімді otbasybank.kz порталында тапсырасыз. Қабылдау мерзімі екі ай, яғни 30 маусымға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Бағдарламаның шарттары:
Бағдарлама 8 жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздің 68 000 азаматын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Биылғы меже бойынша, 12 мың қазақстандық үйлі болуы керек.