"Шілде айынан бері халықты ипотекалық бағдарлама бойынша несиелендіру облыста тоқтатылды. Аймақтар пәтерлердің сатылуын және жоспарланған қаражаттың бюджетке келіп түсуін қамтамасыз ете алмауда. Бұл үстіміздегі жылы облыстың республикалық бюджетке қайтаруы тиіс қаражаттың кері қайтуына қауіп төндіріп тұр", - деді Е. Сәдуақасова.
Әкім орынбасары комитет мүшелерін бюджеттік кодекске өзгерістер енгізу туралы аймақтар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің бастамасын қолдауға және "еліміздің қаржы нарығындағы нашарлап бара жатқан жағдайға байланысты бірден көп несиелердің құрылымын өзгертуге үкіметке рұқсат беруге" шақырды.
Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 2005-2007 жылдары ипотекалық құрылыс бағдарламасы бойынша 256 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Көрсетілген мерзімде ипотекалық құрылысқа 11 млрд 192 млн теңге бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті